ҚарМТУ білім күні

2019 жылдың 1 қыркүйегінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бас ғимаратының алдындағы алаңда білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Білім күні – біздің республикамызда аталып өтетін ең маңызды мерекелердің бірі. Жыл сайын ҚарМТУ қабылданған мыңдаған студент Бас ғимараттың алдына жиналып, салтанатты жағдайда Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі ҚарМТУ студенттерінің қатарына қосылады.

Салтанатты іс-шара сағат 9.00 ҚарМТУ негізін қалаушы – Социалистік Еңбек Ері, академик Ә.С.Сағыновтың құрметіне орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен басталады.

Бірінші курс студенттері мен олардың ата-аналарын ҚарМТУ ректоры, профессор, ҚазҰЖҒА академигі М. Қ. Ибатов, облыстық және қалалық әкімшіліктің өкілдері, Қарағанды «политех» базасында жұмыс істейтін «Корпоративтік Университет» инновациялық-білім беру консорциумының бірінші басшылары құттықтайды.

Бірінші курс студенттеріне ЖОО ең танымал түлектері — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Бірінші Сыртқы істер министрі, саяси ғылымдарының докторы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, ҚарМТУ құрметті профессоры Сүлейменов Төлеутай Ысқақұлының басшылығымен курстастары мен серіктестері өздерінің тілек сөздерін білдіреді. 

Іс — шаралар аясында ҚарМТУ жаңадан құрылған инновациялық орталықтары мен зертханаларының: «Upgrade Center» (ауд. 200-208, бас ғимарат), IT-құзыреттілік Орталығының (ауд. 400 а-g, бас ғимарат), СІЅСО зертханасының (ауд. 401, бас ғимарат) тұсаукесері өтеді.

«Upgrade Center» негізгі мақсаттары: басқару шешімдерін қабылдауды ақпараттық қолдау; академиялық, ғылыми – инновациялық және қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты ЖОО бизнес-процестерінің жедел мониторингі; ахуалдық-талдау орталығына келіп түсетін ақпарат негізінде Орталықтың ақпараттық ресурстарын пайдаланушыларды ағымдағы ақпараттандыру; құрылымдық бөлімшелерге ақпараттық қолдау көрсету; ҚарМТУ аумағында болып жатқан төтенше жағдайлар туралы барлық сигналдарды нақты уақыт режимінде өңдеу болып табылады.

IT-құзыреттілік орталығының 7 зертханасында ЦИТ «WTO», «ABI» ЖШС, «X-net» ЖШС, «Wooppay» ЖШС, «Gexabyte» ЖШС, «ERP-company» ЖШС, «1С Франчайзинг Ваниев» ЖШС сияқты аймақтың ІТ – компанияларының жетекші мамандары сабақтар өткізеді. Орталықта өндірістік міндеттерді шеше отырып мамандарды тереңдетіп даярлау жоспарлануда: зерттеулер жүргізу, деректердің үлкен көлемін жинау, өңдеу және талдау, объектілерді визуализациялау және деректерді сақтау және басқару тәсілдерін зерделеу саласында; бағдарламалық шешімдерді құру, басқарушы персоналдың еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін, құжат айналымын жүргізуге арналған шығыстарды төмендететін, ақпараттық жүйелердің қорғалуы мен қауіпсіздігін, сайттарды әзірлеу мен ақпараттық қауіпсіздікті арттыратын ІТ-шешімдерді жүйелі интеграциялау.

CISCO желілік академиясы әлемнің 168 елде танылған CCNA және CCNP сертификаттарын ала отырып, студенттерді, оқытушылар мен өндіріс өкілдерін әлемдік деңгейдегі жаңа технологияларға үйретуге мүмкіндік береді.

 

Осы оқу жылында ҚарМТУ студенттерінің 12 мыңдық контингентін Германия, Ресей, Украина, Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдердің талапкерлері, сондай-ақ Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары мектептерінің түлектері толықтырды, олар «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша грантқа ие болды.

Жалпы білім алушылар қатарын мемлекеттік білім гранттарының 1600 астам иегері, сонымен қатар ҚарМТУ таңдаған басқа өңірлердің 300 астам өкілдері толықтырды.

Бірінші курс студенттері ҚарМТУ инновациялық білім беру ортасына бейімделуге көмектесетін электрондық оқу материалдарының толық жиынтығын алады. Бүгін ресми түрде бірінші курс студенттері 3,5 мыңнан астам білім алушы болды.

Жиналған көрермендердің назарына Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мен «Жас Орда» жастар ассоциациясының шығармашылық ұжымдарының күшімен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама ұсынылады.

 

 

Без рубрики