1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы


Мамыр айының бірінші күні Қазақстан ең жарқын   мерекелердің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеді. Қазақстанның үлкен отбасына қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, немістер, кәрістер, ұйғырлар, қырғыздар, қытайлықтар, еврейлер, армяндар, грузиндер және т.б. ұлттар кіреді. Осы халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында олар бір тату халық. Және бұл бірінші мамыр мерекесінің мәні өте зор. ҚарМТУ ның Инновациялық технологиялар колледжінің бірінші курс студенттері кураторлық сағат кезінде мерекені атап өтті. Біздің колледжде тарихы жағынан , адамгершілік жағынан , ұлттың болмысы  бойынша  студенттер түрлі ақпарат ұсынды . Әр топтан студенттер өз  ұлттары туралы слайдтар жасап,, ұлттық тағамдарын, ұлттық киімдерін , ұлттық ойындары  мен салт-дәстүрлерін  көрсетті .Мереке соңы дәстүрлі «Қара жорға»биімен аяқталды.

 

Без рубрики