1 курс студенттерінің назарына!

Безымянный07.09.2015 ж. — 11.09.2015 ж. аралығында Деканаттардың ақпараттық тақталарында және Университет http://www.kstu.kz/  және кітапхана  сайттарында орналастырылатын беру кестесіне сәйкес, күзгі семестрге арналған оқу әдебиеттерінің жинағы оқу кітапханасының абонементінде беріледі.

Оқу әдебиеттерінің жинағын алғанға дейін Сіздер бас ғимараттың оқу залында (254 б.) жеке куәлік көрсету арқылы сабақққа дайындала аласыздар.

Егер оқу әдебиеті жинаққа кірмесе, онда кітапты «Талап ету қағазын» толтыру арқылы алуға болады.

ҚарМТУ кітапханасы