1- Желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне

«1- Желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне» арналған іс-шара

ҚР Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың жолдауын жүзеге асыру мақсатында өткізілген «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы туралы. 2018 жылдың 30 қарашасында ҚарМТУ-дың тау-кен факультетінде «кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасы ҚММУ фундаменталдық медицина департаментінің «морфология және физиология» кафедрасымен бірлесіп «1 желтоқсан-Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне» арналған нашақорлықтың, темекі шегудің, маскүнемдіктің және ЖҚТБ-ның алдын алу бойынша іс-шара ұйымдастырды. Белсенді қатысқан топтар: БЖД 15-1, БЖД 15-2, БЖД 15-3, Гд-15-7, Гд-16-2, Гд-16-8. ҚММУ студенттері ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жолдауы бойынша және Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір сапасын арттыру бағдарламасы туралы презентация көрсетті. ЖИТС-тің пайда болу себептері және диагностиканың заманауи әдістері туралы айтылды. Интерактивті викторина өткізіліп, ЖИТС-тің алдын алу туралы буклеттер таратылды. ҚарМТУ студенттерін интерактивті ас үйімен, денсаулыққа пайдалы коктейльдермен таныстырды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында АИТВ-ЖИТС жағдайы туралы деректер келтірді. Музыкалық нөмірлер көрсетті. Өз кезегінде біздің студенттер ҚММУ студенттеріне осы іс-шараны өткізгені үшін алғыстарын білдірді.

Без рубрики